01:10, 24 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Черчилдің сағаты Лондондағы бәссаудада 750 мың долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық Sothebys бәссауда үйінде ерекше лот 500 мың фунт стерлинге сатылды.

Ол - Уинстон Черчилге тиесілі, сыйға тартылған циферблатында айдаһарды өлтірген Қасиетті Георгий бейнеленген сағат.
Сағат тілі үш тісті ал екінші жағында victory сөзінің алғашқы "v" әрпі, сондай-ақ сыйға тартылғандығы ойылып жазылған.
Атаулы сағатта Луи Коттенің механизмі бар және швейцар шеберлері жасаған. Небәрі төрт дана. Олар төрт дос мемлекет басшылары - Уинстон Черчилл, Гарри Трумен, Шарль де Голл және Иосиф Сталинге арналған.
.