Черногория Дина Тәңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – Черногория Жоғарғы соты құқық қорғаушы Дина Тәңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан түбегейлі бас тартты.

Дина Тансари получила статус политбеженца в Черногории
Фото: instagram.com/nemolchikz_official

Шешім күшіне енді. Бұл жайында «Не молчи» қорының негізін қалаушы әрі құқық қорғаушы telegram-арнасында жазды.

- Рахмет, қымбатты Черногория! 4 қыркүйекте Черногория Жоғарғы соты Қазақстан Бас прокуратурасына экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бүгін, 2025 жылдың 12 қыркүйегінде Черногория Жоғарғы сотының аппеляциялық сатысында қаралғаннан кейін шешім күшіне енді. Мені 2025 жылдың 14 сәуірінде тұтқынға алды және 15 сәуірде тергеу сотының шешімімен тұтқындау менің Қазақстан паспортыма алмастырылды, - деді ол.

Еске сала кетсек, 2023 жылы 27 желтоқсанда Ішкі істер министрлігі құқық қорғаушы, «Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жариялады.

Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының Полиция департаменттері оған қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.

Осы жылдың сәуір айында Дина Таңсәрінің Черногорияда ұсталғаны және осы елден баспана сұрағаны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар