Chevron басшысы: Қазақстанмен серіктестік отыз жылдан бері табысты жалғасып келеді
НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уирт Мемлекет басшысымен өткен кездесуде Қазақстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері талқыланғанын айтты.

— Бүгін біз Президентпен нәтижелі әңгіме жүргіздік. Әңгіме Астанада өткен алдыңғы кездесуімізден өрбіді. Күн тәртібінде өндірісті кеңейту, энергетика саласы мен Қазақстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, энергия ресурстарын Еуропаға және жалпы әлемдік нарықтарға жеткізу мәселелерін қарастырдық. Айта кетейін, біздің серіктестігіміз отыз жылдан астам уақыттан бері жалғасып келеді және ол айтарлықтай экономикалық өсімге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етті. Бұл ұзақ мерзімді әрі болашағы зор ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды, — деді Майкл Уирт.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдаған еді.