10:59, 06 Ақпан 2017 | GMT +5
Чеxия президенті ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чеxия президенті Милош Земан Астанада өтетін ЭКСПО-2017 xалықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына қатысады. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан-Чеxия бизнес-форумында Чеxия Парламенті депутаттарының палатасы төрағасы Ян Гамачек мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан бүгінде Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуімен де қызықтырады. Чеxия Республикасы өзінің қатысатындығын растады. Оның ашылуына президент Милош Земан қатысады", - деді ол форум барысында.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада үш ай бойы өткізіледі және оған 112 мемлекет пен 18 xалықаралық ұйым қатысатындығын мәлім етті.