10:09, 08 Тамыз 2015 | GMT +5
Чилиде 500 жылға сотталған Пиночеттің қызметтесі қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде Аугусто Пиночет билікте болған кезде құпия полицияны басқарған Мануэль Контрерас 86 жасында Сантьяго әскери госпиталінде қаза тапты.

Генерал Контрерас адам құқығын бұзғаны үшін 500 жылға сотталған.
Оның басшылығымен ДИНА құпия полициясы Пиночет басқарған 1970-80 жылдар аралығында Чилиде жоғалған, өлтірілген, жәбірленген адамдардың жартысынан көбіне жауапты деп саналды.