Чилидегі ең құрғақ Атакама шөлінде 10 жылдан бері алғаш рет қар жауды

АСТАНА. KAZINFORM – Жер бетіндегі ең құрғақ шөл саналатын Атакамада соңғы он жылда алғаш рет қар жауды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

р
Фото: Видеодан алынған скрин

Атакама шөлінің кейбір аймақтарында ондаған, тіпті жүздеген жыл бойы жауын-шашын тіркелмеген.

Бұл туралы ALMA обсерваториясының баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Керемет! Әлемдегі ең құрғақ Атакама шөлі қар жамылды!» – делінген хабарламада.

Мұндай ауа райы аномалиясы соңғы рет он жыл бұрын байқалғаны атап өтілді.

Әдетте, мұндай құбылыстар Тынық мұхитынан келген суық ауа массаларының ылғалды фронттармен түйісуі нәтижесінде пайда болады. Атакама шөліндегі қар жергілікті экожүйеге айтарлықтай әсер етіп, көлік қатынасы мен тұрғындардың өміріне қиындықтар тудыруы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Грекиядағы биоалуантүрлілік бақылау орталығы Эгей теңізінде улы күлгін медузалардың саны айтарлықтай артқанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар