Чилилік дәрігерлер ота жасауды тоқтатып, Конфедерация кубогы матчын көрген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилиде дәл операция уақытында ұлттық құрамалар арасындағы Конфедерация кубогы матчын тамашалаған дәрігерлерге қатысты жанжал шықты.
Оқиға Чили университетінің жанындағы ауруханада болған. Желіге салынған видеода көрсетілгендей, дәрігерлер пенальтиді тамашалау үшін ота жасау кезіндегі жұмыстарын тоқтатып қойған.
Медициналық мекеме тексеру жұмыстары басталғандығын және емделушінің операциядан кейінгі жағдай қалыпты екендігін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Чили және Португалия құрамалары арасындағы конфедерация кубогының жартылай финалдық матчы сәрсенбі күні болды.
Пенальти сериясында чилиликтердің жолы болып, 3:0 есебімен жеңіске жетті.