ЧЛ: «Боруссия Дортмунд» өз алаңында ПСЖ командасын жеңді

әлем футболы
Фото: apnews.com

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасынан басым түсті.  

Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Сол мақсатта қос команда тарапынан толассыз шабуылдар ұйымдастырылып, қызықты ойын өрбіді. 

Ойынның 36-минутында германиялық клуб сапынан Никлас Фюллькруг соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті. Осылайша «Боруссия Дортмунд» өз алаңында 1:0 есебімен басым түсті. 

Германиялық команда бұған дейін 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарса, «Пари Сен-Жермен» әзірге мұндай жоғары жетістікке қол жеткізе алған жоқ.  

Еске салсақ, жартылай финалдағы тағы бір ойында «Бавария» мен «Реал Мадрид» тең түскен болатын. 

Жартылай финалдың қарымта ойындары 7-8 мамыр күндеріне белгіленген. Финал 1 маусым күні Англияның «Уэмбли» стадионында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram