Christie’s жасанды интеллект өнері бойынша аукцион өткізеді

АСТАНА.KAZINFORM - 20 ақпанда «Augmented Intelligence» аукционы ашылады, деп хабарлайды Kazinform.

Christie’s жасанды интеллект өнері бойынша аукцион өткізеді
Фото: facebook.com/Christies/

Christie's аукцион үйі нейрондық желілер арқылы жасалған өнер туындыларына арналған алғашқы көрме өткізеді.

- «Augmented Intelligence» - ЖИ көмегімен жасалған өнердің кеңдігі мен сапасын көрсететін жаңашыл аукцион, - деп хабарлайды Christie's.

Сатылымға 1960-шы жылдардағы ЖИ пионерлерінің, мәселен Гарольд Коэннің, сондай-ақ Рефик Анадол, Пиндер Ван Арман, Холли Херндон және Мэт Драйхерст, Александр Ребен, Клэр Сильвер, Саша Стайлс және т.б. сияқты заманауи суретшілердің көрнекті жұмыстары кіреді.

Көрме Нью-Йорктегі Кристи Рокфеллер орталығында 20 ақпаннан 5 наурызға дейін онлайн-аукцион түрінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар