Цифрландыру: Е-QURYLYS және Е-SHANYRAQ жобалары жүзеге асады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру шеңберінде 2 жоба жүзеге асырылады. Олар - құрылыс сапасын бақылаумен және объектілерді пайдалануға қабылдаумен байланысты Е-QURYLYS цифрлық порталы және ПИК-тің коммуналдық қызметтері мен жұмысын тұтынудың ашықтығын қамтамасыз ететін Е-SHANYRAQ ақпараттық жүйесі.
None
None

Айта кету керек, өткен жылы рекордтық 12,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 12,1%-ға жоғары.

Барлық өңірлерде тұрғын үй құрылысы бойынша оң серпін байқалады. Бұл ретте едәуір өсім Маңғыстау (141%), Атырау (127%), Түркістан (122%) және Жамбыл (121%) облыстарында байқалып отыр.

2018 жылы бір тұрғынға тұрғын үйді беру 0,68 шаршы метрді құрады. Бұл ТМД елдерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш. Атап айтар болсақ, Ресейде бұл көрсеткіш - 0,54 ш.м., Беларусьте - 0,40 ш.м., Өзбекстанда - 0,36 ш.м. болып отыр.

113 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды, оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен 14 мыңнан астам отбасы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін инженерлік коммуникациялардың құрылысын қаржыландыру 100 млрд. теңгеге дейін артты.

Биылғы құрылыс қарқыны былтырғыдан кем болмайды. Жалпы 2019 жылы 13 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның арқасында шамамен 118 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Құрылыс саласындағы тағы бір өзекті мәселе - жобалау және құрылыс кезеңіндегі отандық материалдарды қолдану мәселесін Үкімет ерекше бақылауына алды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыстағы қазақстандық қамту үлесі 77%-ті құрады.

Өткен жылдан бастап ауылды сумен жабдықтауға жыл сайын барлық қаржыландыру көздерінен 100 млрд. теңге бөлінуде. Осыған орай, 84,4% ауылдық елді мекен орталық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілді (6,5 млн. адам).

3 жыл ішінде қала тұрғындарын ауыз сумен қамту 98% (10,9 млн.адам) және ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту - 88,5% құрады (6,9 млн. адам).

Соңғы жаңалықтар