Цифрландыру процесі салдарынан жұмыссыздар саны көбейеді – Ғылым министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрландыру қаншалықты жоғары қарқынмен жүргізілсе, соншалықты еңбек нарығы қысым көреді. Бұл туралы еліміздің жоғары оқу орындары басшылары бас қосқан форумда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Цифрландыру процесі салдарынан жұмыссыздар саны көбейеді – Ғылым министрі

«Жаңа технологиялардың күнделікті өмірімізге еніп жатқаны қуантады. Дегенмен оның теріс тұстары да бар. Кәсіпорындарды автоматтандыру - еңбек нарығының қысқаруына алып келеді. Цифрландыру қаншалықты жоғары қарқынмен жүргізілсе, соншалықты еңбек нарығы қысым көреді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары құрылмайды, жұмыссыздық көбейеді», - деді министр.

Форум барысында ведомство басшысы екі жыл онлайн оқудың зардабы ондаған жылдарға созылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, Саясат Нұрбек ғылым саласындағы мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, еліміздің ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін мамандар тапшы.