Ципрас: Грек халқы «СИРИЗА»-ға төрт жылға мандат берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грек халқы Солшыл радикальдық коалиция күштеріне (СИРИЗА) төрт жылға мандат берді. Бұл туралы партия төрағасы Алексис Ципрас сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
None
None

"СИРИЗА төрт жылға тааза мандат алды,-деп мәлімдеді Ципрас. - Бұл СИРИЗА жеңісі - бұл біздің еліміздің халқының жеңісі».

Грекия ІІМ мәліметтері бойынша, 50,11 пайыз бюллетендерді есептегеннен кейін экс-премьер Алексис Ципрас бастаған СИРИЗА 35,54% дауыс жинап, мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында жеңіске жетті. СИРИЗА партиясының басты қарсыласы - Вангелиса Меймаракистің «Жаңа демократия» оңшылорталық партиясы 28,07% дауысты қанағат тұтты. Ал утраоңшыл "Хриси Авги"-ға сайлаушылардың 7,12% дауыс берді. Бұлардан басқа саяси ұйымдардың көрсеткіштері төмен.

Соңғы жаңалықтар