15:04, 24 Маусым 2025 | GMT +5
Citi банк 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесі - Президент
АСТАНА.KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесті, деп хабарлайд Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Президент аталған қаржы ұйымының 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесіне айналғанына назар аударды.
Президент Сiti банкті стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ оның шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау жоспары Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ететінін жеткізді.
Осыған дейін Мемлекет басшысының Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысын өткізгені туралы жаздық.