CҚО: Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іске кірісті

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Қызылжарда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Аталмыш орталық «бір терезе» режимінде кәсіпкерлерге кеңес береді. Бұнда бизнесмендерді оқыту да қолға алынбақ. Орталықтың ашылуына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров қатысты. Өз сөзінде өңір басшысы орталық аймақтың барлық кәсіпкерлердің пікір алмасу алаңына айналатынына сенімін жеткізді. Жалпы, билік пен бизнестің арасында диалогты қамтамасыз ету мақсатында облыста 30 аса кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар