CҚО: Жаңа жыл қарсаңында Петропавлда жаңа балабақша ашылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін жаңа жыл қарсаңында Петропавл қаласында «Балауса» балабақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Ғимарат 80 орынға шақталған.
None
None

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Балабақшаның салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімі Самат Ескендіров «Балапан» бағдарламасының арқасында осы мекеме ашылып отырғанын ерекше атап өтті.

Тоқтала кететін жайт, жыл басынан бері облыста 239 орынға шақталған 6 балабақша ашылды. Мектепке дейінгі білім беретін мекемелерді кеңейту арқылы 567 орын пайда болған. Балабақша салтанатты түрде ашылған соң өңір басшысы нысанның ішін аралап көріп, бүлдіршіндерге сый-сияпатын да табыс етті.

Жалпы, 2014 жылы облыстың Ақжар, Шал ақын, Қызылжар аудандарында мектепке дейінгі мекемелер ашылып, Петропавлдағы 100 орындық «Солнышко» балабақшасы қайтарылады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар