«Coca-Cola Белестерi»: қонақ үй кәсібінің құпиясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кішкентай ұлын тәрбиелеп отырған Ирина Есжанова өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп көрді. Таба алмады. Сосын «Coca-Cola Белестері» байқауына қатысып, жеңіске жетті. Осыдан кейін оның өмірі өзгеріп сала берді. Бүгінде Иринаның жеке бизнесі бар. Кәсібі тұрақты табыс әкелетіндіктен, жас ана ертеңгі күнге сеніммен қарайды.
None
None

Ақмола облысындағы Арнасай ауылында әйелдердің көбі жұмыссыз. Ирина Есжанова да жұмыс іздеп табанынан таусылды. Ол «Coca-Cola Белестері» жобасы туралы естігеннен кейін өз қарым-қабілетін байқағысы келді. Білім семинарына, шеберлік дәрісіне қатысты. Бизнес-жоспар құруды үйренді. Сөйтіп күн өткен сайын оның өзіне деген сенімі беки түсті. Өз ісін ашса, жетістікке жететініне көзі жетті. Жаңа саланы игерген Ирина байқауға қатысуға өтініш берді. Өзінің туған ауылында ең заманауи технологияның көмегімен көкөніс өсірумен айналысқысы келетінін баяндады.  Әділқазылар оның идеясын мақұлдап, ойлағанын іске асыруы үшін жас келіншекке ақшалай грант ұсынды. 

Әйтсе де, Ирина ол кезде биовегетарийдің ортақ істің құрамдас бөлігіне айналатынын білген де жоқ. Ол қазір өзге де жеңімпаз әйелдермен бірлесіп, теңдессіз деп танылған «Жасыл технологиялардың» халық академиясында» еңбек етеді. Білім беру мекемесі жанынан жеңімпаздар командасы қонақ үй ашты. Ол академиядағы семинарға келетін тыңдаушыларға арналған. Ғимаратта  энергия тұрғысынан тиімді терезелер орнатылған. Жарық күн сәулесі есебінен қамтамасыз етіледі. Дәретхана бөлмелері суды үнемдеуге мүмкіндік беретін сенсорлық  кранмен жабдықталған.

- Біз өз академиямызды біртіндеп жарақтандырып, барлық жерде жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз, - дейді Ирина. -  Қонақ үй келушілердің көңілінен шықты. Олар бөлмелердің қолайлы, көрсетілетін қызметтің жоғары деңгейде екеніне дән риза.  Айтпақшы,  меймандар асханада тамақтанады. Көкөністі күн биовегетарийінен жеткіземіз.  Әуелі көк шөп пен қиярдан бастағанбыз. Қазір бұрыш, бақлажан, қызанақ өсіреміз. Сондықтан қонақ үйдің асханасында таза экологиялық өнімдерден әзірленген тағам ұсынылады.

Ирина жұмылып істеген жұмыстың нәтижесін мақтан тұтады. Ұлы Әлиханның сабақтан кейін осы араға келетінін жас келіншек мейірлене әңгімелейді. Әлихан биовегетарийге бас сұғып, көкөніс жинауға көмектеседі. Жаңа жұмысқа кіріскелі Ирина өзіне нық сенімді. Өйткені ол пайдалы да қажетті жұмыспен айналысады. Қазір ол бейнетінің зейнетін көріп отыр.

- «Coca-Cola Белестері» бағдарламасы аясында 7400-ден астам әйел бизнес-сауатының негіздері бойынша білім алды. Біздің жеңімпаздардың барлығы грантқа қол жеткізіп, туған елі мен жанұясының игілігі үшін еңбек етуде, - дейді Coca-Cola компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Камран Искандеров. - Қазақтың қыз-келіншектерін біздің байқауға қатысуға шақырамыз.  Бұл байқау арман-тілекті орындауға септігін тигізеді. 

Соңғы жаңалықтар