Цойдың әнін салған Джеффо Монсонның видеосын жарты милионнан астам адам көрген

АСТАНА. ҚазАқпарат. Интернетке салынған аралас жекпе-жектің сайыпқыраны Джефф Монсон автомобиль жүргізіп келе жатып Виктор Цойдың «Мы ждём перемен» әнін орындаған ролигін бір тәулікте жарты милионнан астам адам көрген.

Цойдың әнін салған Джеффо Монсонның видеосын жарты милионнан астам адам көрген

Ролик Facebook желісінде Dirty.ru. аккаунтында жарияланды.

Facebook желісінде RT аккаунтында және YouTub-те Монсон ролигі қазірдің өзінде 587 мыңнан астам адам көріп те үлгерген.