18:10, 29 Қаңтар 2013 | GMT +5
CRJ-200 ұшағы құлаған жерде 123 құтқарушы жұмыс істеуде - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұшақтың құлаған орнында Алматы және Алматы облыстық ТЖД-нің жедел топтары, сондай-ақ ҚР ТЖМ өрт сөндірушілері, құтқарушылары және медициналық бөлімшелері жұмыс істеуде. Олардың жалпы саны - 123 адам және 33 техника бірлігі, соның ішінде жедел-тергеу тобының жұмысына көмек көрсету үшін арнайы жарықтандыру көліктері пайдаланылуда.

Бұрын хабарланғандай, ұшақтың құлауы фактісімен Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.
Естеріңізге сала кетейік, Scat әуе компаниясының «Көкшетау-Алматы» бағытымен ұшып келе жатқан CRJ-200 LR ұшағы радар экрандарынан сағат 13:13-те жоғалды. Ол Алматы түбіндегі Қызылту кентінің ауданында құлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ ішінде 16 жолаушы (соның ішінде 1 бала) және экипаждың 5 мүшесі болды. Қаза тапқандардың тізімі - мына жерде.