Cу тасқыны: туристерге Балидің кейбір аймақтарына бармау жөнінде ескертілді

АСТАНА. KAZINFORM — Туристер арасында танымал Индонезияның Бали аралында қатты су тасқынына байланысты ескертудің ең жоғары деңгейі — қауіптіліктің қызыл дабылы жарияланды. Билік тұрғындар мен туристерді қауіпті аймақтарға сапар шегуден бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Kazinform

Cу тасқыны: туристерге Балидің кейбір аймақтарына бармау жөнінде ескертілді
Фото: Moonstar Simanjuntak / XinHua / Global Look Press

Jakarta Globe хабарлауынша, бірнеше күн бойы үздіксіз жауған жаңбыр Балиде үлкен су тасқыны мен көшкінге әкеліп, қала орталықтары мен танымал туристік аймақтардағы күнделікті өмірді бұзды. 

Әлеуметтік желілерде су басқан көшеде жүзіп бара жатқан үлкен питонның бейнесі таралып жатыр, алайда Балидің Табиғат ресурстарын қорғау басқармасы (BKSDA Bali) кадрлардың шынайылығын және оның аралдағы қазіргі су тасқынымен байланысын әзірге растай алмайтынын мәлімдеді. Олай болғанымен, ведомство су басқан аймақтарда жыландардың пайда болу ықтималдығын жоққа шығармайды, деп жазды РИА Новости.
Денпасар, Бадунг, Гианьяр, Табанан, Клунгкунг және Карангасемде қауіптіліктің қызыл дабылы жарияланды.

Билік тұрғындар мен туристерді сақ болуға және су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстардың жалғасуына байланысты және ресми нұсқауларды орындауға шақырды.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйегінде Балиде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум