CyberShield-2026: Қазақстанның үздік IT студенттері анықталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда CyberShield-2026 республикалық хакатонына қатысқан болашақ IT мамандар жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік бағытында өз жобаларын қорғады.

CyberShield-2026: Қазақстанның үздік IT студенттері анықталды
Фото: Қозыбаев университеті

Ауқымды іс-шара Қозыбаев университетінде және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен өтті. 

Хакатонға еліміздің 13 жоғары оқу орнынан келген командалар қатысып, жалпы жүлде қоры — 4 млн теңгені сарапқа салды. Іс-шараның негізгі мақсаты — IT, мобильді технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және жасанды интеллект салаларында студенттердің әлеуетін айқындау.

CyberShield-2026: Қазақстанның үздік IT студенттері анықталды
Фото: Қозыбаев университеті

Хакатон аясында қатысушылар екі бағыт — «Агроаналитикадағы AI» және «Криптоқауіптерге қарсы AI» бойынша жұмыс істеді. Студенттер ауыл шаруашылығын дамытуға арналған цифрлық шешімдер мен криптовалюта саласындағы тәуекелдерді анықтайтын технологияларды ұсынды. Олар өз жобаларын сарапшыларға таныстырып, практикалық маңызын көрсетті.

CyberShield-2026: Қазақстанның үздік IT студенттері анықталды
Фото: Қозыбаев университеті

— Бүгін университетіміз еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ондаған командасының басын қосты. Заманауи технологиялық міндеттерді шешуге 160-тан астам дарынды жас қатысып отыр. Қазіргі таңда цифрландыру тек процестерді автоматтандыру ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуының негізі болмақ. Университетіміз жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді қолдайды. Бұл бағдарлама студенттердің идеяларын нақты прототиптерге айналдыруға мүмкіндік береді, — деді Қозыбаев университетінің ректоры Ербол Исақаев.

студент
Фото: Қозыбаев университеті

Хакатон қорытындысы бойынша жеңімпаздар әр бағыт бойынша 1 млн теңгеден иеленсе, екінші және үшінші орындарға 500 мың және 300 мың теңгеден табысталды.
«Криптоқауіптерге қарсы AI» бағыты бойынша Қозыбаев университетінің «Kings of Taiynsha» командасы жеңіске жетті. Олар ұсынған CRYPTOGUARD AI жобасы криптовалюта желілеріндегі күдікті операцияларды анықтауға арналған.

CyberShield-2026: Қазақстанның үздік IT студенттері анықталды
Фото: Қозыбаев университеті

Ал «Агроаналитикадағы AI» бағыты бойынша бірінші орынды Алматыдағы ҚБТУ-дың «Open to Work» командасы иеленді.

CyberShield-2026: Қазақстанның үздік IT студенттері анықталды
Фото: Қозыбаев университеті

Сонымен қатар, ең креативті цифрлық шешім үшін 400 мың теңге көлеміндегі арнайы жүлде Қозыбаев университетінің «67» командасына берілді.

студент
Фото: Қозыбаев университеті

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар студенттердің кәсіби дағдыларын дамытып қана қоймай, елдің цифрлық трансформациясына үлес қосатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

CyberShield-2026: Қазақстанның үздік IT студенттері анықталды
Фото: Қозыбаев университеті

Бұған дейін биыл мектеп оқушылары арасында ЖИ бойынша халықаралық олимпиада Қазақстанда алғаш рет өтетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар