Cыр бойында «Жол картасы» есебінен балалар бақшаларын күрделі жөндеуден өткізу жалғасуда

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында осы кезге дейін «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 12 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
None
None

Енді сол бастама жалғасын тапқалы отыр.

Сонымен қатар облыста балабақша жөніндегі тапшылықты азайту бағытында бірқатар пәрменді шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, облыс бойынша 1375 орынға арналған 15 мектепке дейінгі ұйым қатарға қосылды. Сондай-ақ 10балабақша құрылысы басталып, 7 балабақша қолданысқа берілді. Бұлардан басқа 370орындық 3 балабақша пайдалануға берілді.

Жыл басынан бері 560 орындық 12 жекеменшік балабақша ашылды. Алдағы уақытта Тасбөгет қыстағында 320 орындық, Титов қыстағында 280 орындық, СПМК-70 шағын ауданында 280 орындық балабақшалар құрылысы республикалық бюджет есебінен салынады. Облыстық бюджет есебінен 360 орындық 4 санаториялық балабақша және Сырдария ауданы Шіркейлі елді мекенінде 90 орындық балабақша құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар