Д.Ахметов Семейде Ядролық медицина орталығы құрылысының проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласының жанындағы аймақтық радиологиялық диспансердің Ядролық медицина орталығын пайдалануға беру және оны қажетті құралдармен жабдықтау мәселелері бойынша арнайы кеңесте облыс әкімі Даниал Ахметов салалық мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдардың басшыларына проблемаларды шешу жолдарын бір апталық мерзімде анықтауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталықтың құрылысы 2012 жылдың наурыз айында басталған, 2013 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс еді. Одан кейін пайдалануға беру мерзімін 2015 жылдың желитоқсан айына ауыстырды. Бірақ бас мердігер мен қосалқы мердігерлік ұйымның кемшіліктері салдарынан нысан бұл мерзімде пайдалануға берілмеді.

Кеңес барысында «Медтехника» АҚ-ның өкілі облыс әкімінің кәсіпорын жетіспейтін медициналық жабдықтарды қашан әкелетіні және сұйық радиаактивті қалдықтар жүйесін қашан ауыстыратыны туралы сұрақтарға нақты жауап бермеді. Ол бас мердігердің ол үшін қажетті соманы аудармағанына сілтеді.

Алайда «ИртышГЭСстрой» ЖШС бас мердігерлік ұйымының өкілі керісінше айтты.

Облыс әкімі Даниал Ахметов аталған барлық сұрақтарды ерекше бақылауға алып, сұйық радиоактивті қалдықтар жүйесінің орнатылған жабдықтары жобаға, техникалық және технологиялық сертификаттауға қаншалықты сәйкес келетінін тексеруді, сондай-ақ екі компанияның арасындағы шартты толық зерттеп, орын алған проблемаларды бір аптаның ішінде шешуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар