Д.Ахметов: ШҚО-да ешбір ардагер баспанасыз қалмауы тиіс

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін бірде бір ардагер де баспанасыз қалмауы тиіс. Семейде азаматтарды қабылдаған облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты тұлғаларға осындай тапсырма берді.
None
None

Бұл облыс басшысының Семейде азаматтарды екінші рет қабылдауы.

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мәселелердің басым бөлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру мәселелеріне қатысты болды. ҰОС ардагері Ахметкәрім Ахмадиев те осы мәселені көтерді. Ардагер 2014 жылдан Семей қаласында тіркеуде тұрған. А.Ахмадиевтің атында осыған дейін баспана жазылған болатын. Ал мемлекеттік қордан пәтер алу үшін үміткерде 5 жыл қатарынан мүлік болмауы тиіс. Өңірде 606 ардагер тұрады. Шамамен барлығы баспаналы болды. Жақын арада Ахметкәрім Ахмадиев те пәтер кілтіне ие болады. 20 мың адам тұратын Восточный кентінің көшелерін су басу мәселесі де өзекті болды. Бұл проблеманы айтып келген Тамара Савельеваны тыңдаған Д.Ахметов судан арылту мәселесі шешілетінін айтты. Ол тиісті ведомстволарға жобалық-сметалық құжатты дайындап, бұл бағытқа бюджеттен қаражат бөлуді тапсырды. Сонымен қатар әлеуметтік қамту, денсаулық сақтау, құқық қорғау және сот органдарына қатысты мәселелер қозғалды.

Соңғы жаңалықтар