Д.Ахметов Женевада «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және Солтүстік теңіз жолы көлік бағыттарының басымдықтарын атап өтті

Кеңесте еуразиялық көліктік байланыстарды дамыту және бірыңғай теміржол құқығын құру мәселелері қарастырылды.
Өткен пікірталас аясында Даниял Ахметов КО және БЭК-не мүше мемлекеттерімен келісілген көлік саясаты бағыттарының бірі ретінде халықаралық көліктік дәліздерді дамыту бойынша ЕЭК-ның өткізіп жатқан жұмысы жайлы ақпараттандырды.
«Транссіб, «Батыс Еуропа-Батыс Қытайә халықаралық дәлізі, болашақта Солтүстік теңіз жолы да елеулі өсім әлеуетіне ие. Аталған көліктк бағыттардың басты басымдығы - қысқа мерзімде жеткізу және тасымалдардың қауіпсіздігі», - деп хабарлады Д.Ахметов.
Кеңестің күн тәртібін талқылау қорытындылары бойынша көлік министрлері сәйкес бірлескен мәлімдемелер қабылдады.
Сол күні Даниял Ахметовтің БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық комиссиясының атқарушы хатшысы Свен Алкалаймен кездесуі болып өтті.
Әңгімелесу барысында көлік және энергетиканы дамыту саласындағы екеуара мүдделер тоғысатын мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы арасындағы ынтымақтастық бойынша нақты қадамдар белгіленді.