Д.Медведев: ЕАЭО аясында валюталық одақ құру мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс

«Негізгі назар тауарлар, қызметтер мен капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысына тосқауыл болатын кедергілерді жоюға шоғырлануы тиіс. Бұл кедергілердің бір бөлігін біз қазіргі уақытта алып тастадық. Бірақ, қазір жұмыс істеуімізге тиіс проблемалар да бар», -деді Д.Медведев.
Оның атап өтуінше, мұндай жайт қуатты интеграциялар арасында болып тұрады әрі ондай кедергілер жылдан жылға азайып келе жатыр. Сонымен қатар ол болашақта валюталық одақ құру мүмкіншілігін қарастыру қажеттігіне назар аударды.
«Біз бұл мәселені басқа әріптестерімізден бірлесіп қарауға дайынбыз. Қалай десек те, бұл бағдарды соңғы нәтижеде назардан тыс қалдырмауымыз керек. Бұл оның ең бірінші кезектегі мақсат дегенді білдірмейді. Дегенмен, оны есте ұстау қажет»,- деді РФ Үкімет басшысы.