Д.Медведев Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнінде бүгін қол қойылған құжаттарды бекітуге жіберді

СКЕУ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстан, Беларусь және Ресей болашағы Еуразиялық экономикалық одақ құру үрдісімен анықталатын болады.
None
None

Бұл туралы Мәскеу қаласында Ресей Президенті Дмитрий Медведев қазақстандық және беларустық әріптестерімен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

«Бүгінгі кездесу осы жылдың ең негізгі оқиғаларының бірі бола алады. Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия туралы келісімшартқа қол қою арқылы біздің елдеріміз Еуразиялық экономикалық одақ -біздің елдеріміздің болашағын ешқандай күмәнсіз анықтайтын ұйым құру жолында кезекті және өте батыл қадам жасады», - деді Д.Медведев.

«Мен өз әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Қиын кезеңде, 90-шы жылдардың басында ықпалдастық туралы идея көтеріп, осы экономикалық одаққа бастамашы болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рахмет айтамын. Сонымен қатар, үш елдің үкіметтеріндегі барлық жолдастарға алғыс айтқым келеді», - деп толықтырды РФ Президенті.

Ол сондай-ақ 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысын бастап, Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық құжаттар пакеті іске қосылатынын атап өтті. Онымен қоса, жыл соңына дейін елдер бүгін қол қойылған келісімдердің бекітілуі үшін күш-жігерлерін салатын болады.

«Жақсы үлгі болсын деп мен әріптестерімнің көзінше тиісті құжаттарды Мемлекеттік Думаға енгіземін», - дей отыра РФ Президенті РФ Мемлекеттік Думасының төрағасына Еуразиялық экономикалық комиссия құру туралы келісімшартты бекіту жөніндегі ұсыныс- хатқа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар