Д. Назарбаева: Әлеуметтік стандарттардың мемлекеттік базасын құру туралы заң жобасын жасаудағы басты мақсат - еліміздің мемлекеттік әлеуметтік стандартының негізін қалыптастыру

АСТАНА. 6 қараша.ҚазАқпарат - ҚР Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен «Қазақстан азаматтарын ең төменгі әлеуметтік стандарттармен заңнамалық қамтамасыз ету перспективалары және Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру барысында шешу жолдары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Әлеуметтік стандарттар деген не? Өмірде ол саясатты кім жүргізуі керек? Оны жүзеге асыру үшін Сіз бен біз не істеуіміз керек? Бүгінде ҚР Парламентінде әлеуметтік стандарттардың мемлекеттік базасын құру үшін заң жобасы жасалып жатыр. Осы заң жобасын жасаудағы басты мақсат - еліміздің мемлекеттік әлеуметтік стандартының негізін қалыптастыру. Олар - Конституциямен бекітілген әлеуметтік кепілдіктер мен азаматтардың еңбегіне ақы төлеу, зейнетақымен қамтамасыз ету, білім алу, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қолдау, дене шынықтыру мен спорт, білікті заңгерлік көмек алу. Осы мәселелерде азаматтардың тең мүмкіндікке ие болуы. Заң жобасын жасағанда осыларды ескеру үшін бүгін бірлесіп ойлануымыз керек», - деп ой тастаған Комитет төрайымы аталған басты тақырыпта ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сөз берді.

Министрдің баяндауынша Мемлекет басшысының тапсырмаларына орай министрлікте «2030 жылға дейінгі ҚР Әлеуметтік дамытудың жалпы ұлттық тұжырымдамасы» әзірленген. Аталған құжат негізінде Қазақстанды әлеуметтік дамытудың жаңа моделін құру көзделіп отыр.

Онда елдің барлық азаматтарына тең мүмкіндік беру. Ең төменгі әлеуметтік стандарттарды бекіту. Әлеуметтік көмек көрсетуде жеке тұлғаға бағытталған және дифиринциальді тәсілдерді қолдану. Мемлекеттік жұмыс беруші және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігін қамтамасыз ету тиімді әлеуметтік саясат негізінде экономикалық дамуды қамтамасыз ету.

Осы басқосуда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Күнкөріс минимумын анықтау әдістемесін жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстелде аталған тақырып бойынша заңнама қалыптастырудың негізгі тәсілдері талқыланып, Парламент депутаттары ұсынған мемлекеттік әлеуметтік стандарттар туралы заң жобасына бірыңғай ұстанымдар жасау көзделді. Басқосуда айтылған ойлар заң жобасын талқылайтын жұмыс топтарында ескерілетін болды.

Оның жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысып, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ЮНИСЕФ, орталық атқарушы және де басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар