Д. Назарбаева халықты салықтан жалтармауға шақырды

«Медициналық сақтандыру өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Ресми жұмыс істеп, баршасы сияқты салық төлеп жүрген азаматтар секілді өзін өзі жұмыспен қамтыған 2,7 млн. адам да тегін медициналық көмек алып, олардың балалары ақысыз білім алуда, мамандыққа тегін оқытылуда, сондай-ақ елдің бюджетіне ештеңе де салмастан әлеуметтік қорғауға, зейнеткерлікке үміттенеді. Бұл - әділетсіздік. Әрине, бір жағынан алып қарағанда мемлекет бұл үрдісті елемей келді, себебі адамдар өздерін жұмыспен, табыспен қамтамасыз етіп келді. Алайда, егер де әлеуметтік саланың жоғары деңгейге шығуын, сонымен қатар елімізде жақсы жолдар болуын қаласақ, балалардың жақсы білім алып, қартайған шағымызда әрқайсымыз лайықты өмірге сенім арту үшін біз салық төлеуміз керек. Яғни, бұл қадамдар бізге ұнаса да, ұнамаса да қажет», - деді вице-премьер.
Осы орайда ол осындай жүйемен барша елдер қамтылғанын атап өтті. Атап айтқанда, көптеген елдерде салық деңгейі Қазақстанған қарағанда екі-үш есеге жоғарылау.
«Бізде өте либералды салықтық саясат жүзеге асырылды. Сондықтан да бұл бағытта барлығы әділетті болуы керек. Салық төлеп, тұрықтылыққа үлес қосу қажет»,-деді Д. Назарбаева.