Д.Назарбаева: Қазақстандық әйелдер өз бойына еуропалық және шығыс дәстүрінің ең жақсысын сіңірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әйелдер өз бойына еуропалық және шығыс дәстүрінің ең жақсысын сіңірген. Бұл туралы бүгін Астанада Әйелдердің Еуразиялық саммитінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.
None
None

«Қазақстандық қоғамда әйелдердің орны ерекше. Себебі әйелдерге деген көзқарас басқаша болды, өзге шығыс өркениеттерімен бізді салыстыруға болмайды. Біз шынымен еуразиялықпыз. Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсындамыз. Ол бізге ешқандай кедергі келтірмейді де. Біз өз бойымызға Еуропа мен шығыстың ең жақсы дәстүрлерін сіңірдік. Біздің күшіміз де, басымдығымыз да осында», - дейді ол.

Д.Назарбаева атап өткеніндей, қазақ әйелдері өз уақыттарын кез келген іске бөле алады. Ол бизнес, жанұя, қызмет немесе саясат болмасын, әйелдер барлық салаларға бірдей үлгере алады.

«Әйелдер бизнес пен отбасыға 24 сағат көңіл бөледі. Ол жұмыс істеп те, отбасыға қарап та, күйеуін күтіп те үлгереді. Саясаттағы әйел - 24 сағат саясатта болады. Кеңестен кеңеске қатысып, үйде де, түзде де саясатты ойлаумен болады, таңертең тұрғанда сол күйбең уайымды тағы да ойлай бастайды», - деді Д.Назарбаева.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық әйелдердің таусылмас энергиясы мен жылулығы Астананы да қатты өзгертіп жіберді.

«Құрметті әйелдер, мен сіздерді біздің елордамыз Астанада көргеніме қуаныштымын. Астана климаты соңғы 15-20 жылда қатты өзгерді. Себебі талантты адамдар көбейіп, «тірі» энергетика пайда болды, Астана маңында керемет орман өсіп келеді. Маған осы қалада жұмыс істеу өте қызық. Мен сіздерді біздің астанамызда қарсы алғаныма қуаныштымын», - деп атап өтті вице-премьер.

Соңғы жаңалықтар