Д.Назарбаева мен С.Нарышкин парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Ресей Федерациясына жұмыс сапары ауқымында РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен, РФ Мемлекеттік думасы төрағасының бірінші орынбасары А.Жуковпен, бюджет және салықтар комитетінің төрағасы А.Макаровпен, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру комитетінің төрайымы И.Яроваямен, сондай-ақ ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитетінің төрағасы Л.Слуцкиймен кездесулер өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
None
None

«Сапардың және өткізілген кездесулердің мақсаты - қаржы, салық, бюджет салаларындағы жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұру салаларында тәжірибе алмасу, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың неғұрлым өзекті бағыттары бойынша өзара іс-қимылды дамыту болды», - делінген хабарламада.

Ресейлік парламентшілер кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастыққа әзір екендіктерін білдірді.

Салық заңнамаларын дамыту, парламенттің үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы практикасы, қаржы саласындағы жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұруда күш-жігерді біріктіру мәселелерін талқылауға баса көңіл бөлінді.

Ресейлік әріптестер «Капиталдарға рақымшылық жасау туралы» заң жобасының бірқатар қағидаларына түсіндірме берді, сондай-ақ РФ Есеп палатасының қызметін жетілдіру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті.

Екі тараптан да екі ел заңнама органдарының ақпарат алмасу және заңшығару қызметін үйлестіру жөніндегі, әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің басталуымен байланысты өзара іс-қимылының маңызы аталып өтті.

РФ Мемлекеттік думасында болу барысында қазақстандық делегация Бюджет және салықтар жөніндегі комитеттің отырысына қатысты.

Келіссөздер қорытындысымен парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бүгін Мәжіліс вице-спикері Дариға Назарбаева бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрайымы Татьяна Голиковамен кездесті.

Соңғы жаңалықтар