Д.Назарбаева: Жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеу - заман талабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі аса тиімді әрі табысты адамдарды қалыптастыруға қауқарлы болуы тиіс, деп мәлім етті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева.

«Біз халықаралық аккредиттеу туралы сөз қозғап келеміз - бұл жәй ғана еріккеннен қолға алынып отырған іс емес. Біз отандық университеттерді Қазақстанда ғана емес, алыс шетелдерде де сұранысқа ие бола алатын мамандарды даярлауға қауқары жететіндей деңгейге жеткізгіміз келеді және өздерінің оқу бағдарламаларын жақсартуға ынталандыруды қалаймыз», - деді ол бүгін Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетіне жасаған сапары кезінде.

«Ең басты міндет - білім беру жүйесі аса тиімді әрі табысты адамдарды қалыптастыруға қауқарлы болуы тиіс. ЖОО-да білім алған әрбір адам кейін жақсы қызметке орналаса алатындай немесе өзі жұмыс орындарын аша алатындай болуы қажет», - деп атап өтті Д. Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар
telegram