D санаты – Қазақстандағы әрбір үшінші отбасы экономикалық тұрғыдан осал

АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік әл-ауқатты бағалау жүйесіндегі D санатына жататын отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін түсіндірді.

Цифрлық оңалту: технология маман мен отбасыға қалай көмектеседі
Фото: Еңбекмині

Министрдің айтуынша, D санаты – экономикалық тұрғыдан осал отбасылар. Бұл санатқа табысы төмен, еңбекке қабілетті мүшелері жұмыссыз жүрген, несие бойынша мерзімі өткен берешегі бар немесе тұрғын үймен жеткілікті қамтылмаған отбасылар жатады.

– Бұл кедейлік шегінде тұрған отбасылар. Бір адамға шаққандағы табыс шамамен 51-102 мың теңгені құрайды. Мұндай табыс деңгейінде кез келген күтпеген жағдай отбасының ахуалын төмендетуі мүмкін, – деді Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Елімізде мұндай үй шаруашылықтарының саны шамамен 1,8 миллионды немесе 29% құрайды.

Сондай-ақ бұл отбасыларға мемлекеттің көмегі сақталады.

– Мұнда мемлекеттің қос міндеті бар: төлемдерді сақтау және отбасылардың табыс табуына мүмкіндік жасау. Сондықтан жәрдемақылармен қатар, азаматтардың жұмысқа орналасуына және кәсіптік білім алуына жәрдемдесу қарастырылған, – деп түсіндірді Еңбек министрі.

Бұған дейін Еңбек министрі «А» санатының белгілерін атаған еді.

Жәрдемақы үшін ажырасудың алдын алу үшін бөлек тұратын ата-аналар да баланың отбасы құрамына енгізіледі.

Еңбек министрі 36 жәрдемақының 14 түріне ғана мұқтаждық критерийі енгізілетінін айтуда.