Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті мен Оңтүстік Кореяның Хосео университеті бірлесіп инновациялық кәсіпкерлікті оқытатын болды

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті мен Оңтүстік Кореяның Хосео университетінің бірлескен жобасы басталды.
None
None
Екі оқу орнының арасындағы ынтымақтастықтың барысында Қазақстанда «Инновациялық кәсіпкерлік» біліктілігі бойынша бірінші менеджменттік магистрлік бағдарлама ашу туралы келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шығыс Қазақстан университетінің ректоры профессор Ғалым Мұтановтың айтуынша, елімізде инновациялық экономика үшін мамандар дайындау ісі алғаш рет халықаралық деңгейге шығып отыр. Енді осы бағдарлама бойынша оқығысы келетіндер шығысқазақстандық техникалық университет пен Хосео университетінің екіжақты мойындалатын дипломын ала алады. Оңтүстіккорейлік университет инновациялық кәсіпкердің жетекші әлемдік мектептерінің бірі болып табылады, ондағы өнертапқыш-ғалымның немесе студенттің идеясы Samsung Electronics, LG, Hyundai және т.б. жетекші әлемдік компаниялардың кәсіпорындарында нақты өнімдер шығаруға негіз бола алады. Оған қоса, оқу орны оңтүстіккорейлік экономиканың ірі орталықтарының бірі болып танылып, «Венчурлық университет» және «Кіші силикон алқабы» деген атауларға ие болған.
Соңғы жаңалықтар