Дағдарыс ахуалының жалғасуы өңірдің дамуын баяулатады - ЭСКАТО Атқарушы хатшысы

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Азия және Тынық мұхиты елдері үшін БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының  (ЭСКАТО) 2012 жылғы шолуында басты назар негізгі бағытты айқындауға бағытталған.
None
None

Бүгін Алматыда шолуды бейнетаспа арқылы таныстырған ЭСКАТО Бас хатшысы Ноэлин Хейзердің сөзіне қарағанда, әлемдік экономика 2011 жылы  Еуроаймақтағы қарыз дағдарысы мен АҚШ экономикасы келешегінің айқындалмауынан дағдарыстың екінші фазасына енді.

Оның пайымдауынша, бұған қарамастан Азия-Тынық мұхиты аймағы  елдерінің өсу қарқыны әлемнің өзге аймақтарының көрсеткішінен жоғары болып қалады. Оңтүстік-Оңтүстік Азия-Тынық мұхиты аймағы нүктелері бойынша сауда  Африка және Оңтүстік Америка сияқты өзге дамушы аймақтарға көмектеседі. Сондай-ақ әлемдік экономиканың  баяу дамуына тәуелділікті барынша төмендетеді.

Соңғы жаңалықтар