Дағдарыс беделді әлемдік идеологтардың көптеген мәселелерге жауап таба алмайтынын көрсетті - Қ. Келімбетов

АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Дағдарыс соңғы 10-15 жылда шешімін таппай, көпшілік көз жұмып келген көптеген мәселелерді анықтап берді.
None
None
Бұл әлемде қалыптасып, қатып қалған стереотиптерді бұзуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл пікірді бүгін Алматыда өтіп жатқан 5-ші халықаралық PR форум барысында ресейлік және шетелдік журналистермен болған интернет-конференцияда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мәселен, мемлекеттің нарыққа кедергі келтірмеуі керек деген стереотипті алайық. Бүгінде мемлекет пен нарықтың ықпалдасуы қажет екендігін, мемлекеттің көптеген нәрселерді, оны ішінде қаржы секторы мен дұрыс экономикалық саясатты қадағалауы тиістігін бүкіл әлем мойындайды. Бұған дейін ол бөлек стереотип болатын», деді «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ басқарма төрағасы.«Біз қазіргі кезде дамыған елдерде инвестбанкингте идеология үлгісі болған банктердің мемлекет меншігіне өтіп жатқанын көріп отырмыз. Бұдан шығатын қорытындының бірі - біз жеке идеологиямызды дамытуымыз керек. Мәселен, дағдарыс осы уақытқа дейін «үлкен беделге ие» идеологтардың, көптеген мәселелерге жауап таба алмайтынын көрсетті», деп атап өтті Қ. Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар