22:15, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Дағдарыс кезінде мемлекет кәсіпкерлерді қолдайды ? ОҚО үшін 18 млрд.
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің жалпы сомасы 18 млрд. теңге көлемінде несие алуларына мүмкіндіктері бар,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биылғы жылы ОҚО-дағы жеке бастамаларды қаржыландыру үшін осыншама қаржы бөлуді мемлекет жоспарлап отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қою кезінде қордың аймақтық филиалының жетекшісі Қанатбек Тұрданов мәлім етті. Тараптар ? қала әкімдігі, «Атамекен» одағының және «Даму» қорының филиалдары шағын және орта кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету міндеттерін өздеріне алады.«Даму» қоры өткен жылы оңтүстік өңірде белсенді жұмыс жасады: 2,5 млрд. теңгеге бағаланған 80-нен астам жоба қаржыландырылды. Дегенмен, өткен жыл ОҚО іскер адамдары үшін табысты жыл болмады. Екінші деңгейдегі банктер жеке бастамашыларды несиелеуді күрт төмендетіп жіберді. 2007 жылы кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктерге берілген 47 млрд. несие қаржының тек, 24 млрд. теңгесін ғана ала алды. «Бұл, сөз жоқ, банктер мүмкіндігінің төмендеп кетуімен және тәуекелдер мүмкіндігінің өсе түсуімен тікелей байланысты болды», деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев.
Қ.Тұрданов кәсіпкерлер назарын биылғы жылы өңдеу саласын несиелеуге арналған жеке баптың бар екендігіне аударды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу міндеті алда тұрған ОҚО-ы үшін аталған баптың маңызы ерекше. Осы бап бойынша, көлік және байланыс саласындағы, есептеу техникасы мен коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсететін ұйымдар несие қаржыларын алуларына мүмкіндіктері бар.