Дағдарыс-менеджменті - дағдарысқа қарсы

АНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде мемлекеттік басқарушылардың жаңа толқынын құру жөніндегі аса маңызды стратегиялық тапсырмаларға бірнеше қайтара назар аударып келеді. Қаржы дағдарысы белең алып отырған қазіргідей жағдайда, кез-келген мемлекет үшін адам әлеуетінің орыны ерекше болмақ,
None
None

демек аталған тапсырмаларды жедел шешу де кезек күттірмейтін түйінді мәселелердің біріне айналып келеді. Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі ауадай қажет. Олар, дер кезінде, жедел, сайма-сай және дұрыс шешім қабылдай ала ма? Біздің тілшіміздің осы және басқа да сауалдарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушы, «Болашақ» бағдарламасының түлектері қауымдастығы кеңесінің мүшесі, Сорбонна (Франция) университетінің түлегі, саясат ғылымдарының докторы Арын Өрсариев жауап береді.

- Арын Амангелдіұлы, Қазақстанда кәсіби мемлекеттік қызметкерлер дайындаудың қазіргі жүйесінің сапалық сипаттамасы қандай? Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дайындау деңгейі қазіргі заман талабына қаншалықты сәйкес келеді?


- Дәл қазіргі уақытта елімізде мемлекеттік қызметке маман дайындауда көп деңгейлі жүйе жасақталды. Бұл, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, облыстық әкімдіктер жанында жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың аймақтық орталықтары және мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға жағдай жасайтын тәуелсіз білім беру орталықтары. Қызмет көрсететін орталықтардың жалпы саны 80-нен асып жығылады. Онда, өткен 2008 жылы екі жүзден астам білім бағдарламалары бойынша 36012 мемлекеттік қызметкер оқыды. Бұдан басқа, Агенттік халықаралық озық тәжірибелерді үйрету мақсатында шет елдердің жетекші білім беру орталықтарында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастырады. Дүниежүзіне кеңінен танымал Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі, сондай-ақ, Франциядағы Ұлттық әкімшілік мектебі, Ли Куан Ю атындағы Сингапур Ұлттық университетінің мемлекеттік саясат мектебі, АҚШ-тағы Дьюк университеті және басқа да белгілі оқу орындары біздің әріптестеріміз саналады. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында, өткен үш жыл ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан бір мыңнан астам мемлекеттік қызметкерлер оқып қайтты. Біз өзіміз де бір орында тұрған жоқпыз. «Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік басқару академиясы мен мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару жөніндегі Ұлттық орталық жанынан мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі ашылып жатыр. Осы сала бойынша жылдар бойы жинақталған қомақты тәжірибеге қарамастан, әлі де болса жүйелі және кешенді түрдегі шешімді қажет ететін тұстар да баршылық. Бұл тұрғыда, ең алдымен айтарымыз, мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың сапасына, оқытуға жұмсалатын қаржының тиімді пайдаланылуына қатысты мәселелер. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің білім алуға және интеллектуалдық біліктілігін арттыруға деген құштарлықтарының төмендігі байқалады.

- Сіз дағдарыс-менеджменті тақырыбын қозғадыңыз...


- Рас. Соңғы жылдары біздің мемлекеттік қызметкерлер экономиканың өскен, бюджеттік қаржының жеткілікті жағдайында жұмыс жасап келді. Әрине, жақсыға жеңіл, әрі жылдам бой үйренеді. Ал, қазіргі жағдайда басқаша шешімдер қабылдауға тура келеді. Мемлекет тарапынан да талаптар өзгерді. Қазіргі кезде, бюджеттің тапшылығы, әкімшілік шығындардың қысқартылып жатқан қиын кезеңінде, тіпті тұрақсыздыққа шыдамды жағдайда жұмыс жасай алатын қызмпеткерлер қажет. Бұл жердегі біздің міндетіміз - сұранысқа сайма-сай ұсыныс беру. Нарық заңы осындай. Дағдарысқа қарсы күш ретінде, дағдарыс-менеджментін ұсына аламыз. Басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың инфрақұрылымын өзгеріп жатқан талапқа сай етуіміз керек. Сондай-ақ, қаржы-экономика саласындағы дағдарыс кезеңдік сипаттарға ие, сондықтан да дағдарыс өткен соң эконмикалық серпіліс пайда болады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет саласындағы қабылданар қадамдар, мейлінше әмбебап болуы тиіс.

- Сіз бұл айтылғандарды тәжірибе жүзінде көз алдыңызға қалай елестетесіз? Осы идеяларды жүзеге асырудың алгоритмі бар ма?


- Агенттік мемлекеттік қызметке кәсіби және жеке құзіреті жөнінен, жаңа кәсіби қадамдар жасау мәселесін қолға алып жатыр. Қазір күні, тестілеу кезінде тек, заңдарды білу жағы ғана тексеріледі. Ал, келешекте, кәсіби құзыреттілікті белгілейтін, әлемдік тәжірибедегі үш талдау негізінде, бірқатар бағыттар бойынша тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Олардың ішінде: кәсіби саланы, тілді білу, нәтижеге жету мақсаты мен қоғамға адал қызмет ету, интеллект деңгейі, жетекшілік қасиеті мен стресске тұрақтылығы. Жалпы алғанда 16 мәселе бойынша мемлекеттік қызметкерлерді тексеретін боламыз.

 - Мұны орындауды қалай жоспарлап отырсыздар? Мұндай бағалаудан қандай қортынды күтесіздер?

- Халықаралық тәжірибелерді зерттей келе, біз құзыреттілікті бағалауды тестілік сынақ арқылы анықтауды таңдадық, қызметкердің жеке қасиеттері есепке алына отырып, оның біліктілік көрсеткіші белгіленеді. GMAT, MMPI, GRE, TOEFL аталатын халықаралық тестілер негізінде «Мемлекеттік қызмет тестісі» (МҚТ) жасалады. Әр лауазымға жеке талаптар мен өзіндік балл көрсеткіштері болмақ. Осындай әдістеменің көмегі арқылы, мемлекеттік қызметке үміткерлердің, сондай-ақ, осы салада еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметкерлердің икемділігі мен машықтығы анықталады. Және олардың осал және мықты тұстары да белгілі болады. Қызметкерлердің мықты тұстары ортақ іске пайдаланылып, осал жағын күшейту мақсатында нақты шаралар қабылданады. Ол үшін, біз нақты жеке шаралар қабылдауымыз қажет.

- Бұл жағдайда, мемлекеттік қызметкерлердің құштарлығы жеткіліксіз. Мұндай өзгерістерге мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың инфрақұрылымы дайын ба?


- Біздің міндетіміз - мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесін мемлекеттік қызметкердің тұтынуына лайықтау. Ол үшін, біз әкімшілік ресурстардан өзге қаржы көзіне де қолымыз жетіп отыр. Бүгінгі күні, штаттық саны 100 адамға дейін жететін мемлекеттік органдардағы жалақы қорының бір немесе екі пайызы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруге жұмсалады. Сонда, жыл сайын елімізде 700-900 млн. теңге көлемінде жинақталған қаражат мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға пайдаланылады. Егер, аталған сома мақсатты түрде, мемлекеттік қызметкердің қажеттілігіне ғана жұмсалатын болса, онда бұл аз қаржы емес. Мемлекеттік басқару академиясы мен Мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың аймақтық орталықтары жұмыстарының тиімділігі мен сапасын арттыру арқылы, оқыту ұйымдары арасында бәсекелестік орнатамыз. Бұдан әрі, барлық білім беру ұйымдары мемлекеттік қызметкерлер үшін оқыту бағдарламаларының ұзақтығын қайта қараулары тиіс және мемлекеттік органдардың талаптары мен жеке оқыту жоспары арасындағы балансты табулары керек. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік орган басшылары үшін, қызметкерлерін ұзақ мерзімге біліктілігін көтеруге оқуға жіберу, оларды еңбек үрдісінен айыру және т.б. өте тиімсіз. Егер де, оқыту мерзімі қысқартылса, мәселен, қаңтарда екі күн, ақпанда екі күн, ал мамырда біліктілікті көтерудің курсын аяқтағаны туралы сертификат берілсе, мүмкін дұрыс болар еді. Ал, циклдар арасында мемлекеттік қызметкерлерге өз беттерінше дайындалуға, қандай да ғылыми тақырыптарды зерттеуге мүмкіндіктері болар еді. 

- Әңгімеңізге рахмет.

Соңғы жаңалықтар