Дағдарысқа қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» өткен жылды кіріспен қорытындылады - компания басшысы

ТЕМІРТАУ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - «Тапсырыстар мен бағаларға қатысты шиеленіскен жағдай болмағанда, өткен, 2008 жыл біздің компаниямыз үшін табысты болар еді», - деді бүгінгі баспасөз мәслихатында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Франк Паннир.
None
None
Компания басшысы журналистерді өткен жылдың алдын-ала қорытындыларымен және ағымдағы жылға жасалып отырған жоспарлармен таныстырды. Компания басшысының айтуынша, 2008 жылы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинаты 2,9 миллион тонна өнім жөнелткен. «Екінші тоқсаннан бастап рыноктағы жағдай жақсара қоймаса, 2009 жылғы көрсеткіш те осы көрсеткішті шамалайды деп күтілуде»,- деді Ф.Паннир мырза. «Рыноктағы жалпы жағдай күрделі болып қалып отыр. Қазақстан бойынша тапсырыс мүлдем жоқ, Ресейден де тапсырыстар аз. Біздің өніміміз 100 пайыз дерлік экспортқа шығарылады, ал экспорттық рыноктың өзі шектеулі», дейді ол. Комбинатта қазіргі уақытта 4 күндік жұмыс аптасы енгізілген. «Жұмысшыларымыздың басты басымдығы сол, бізде барлық жұмыс орындары сақталып отыр және жалақы уақтылы берілуде», деп атап көрсетті Ф.Паннир мырза өз сөзінде. Компания басшысының айтуынша, дегенмен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы металлургиялық комбинатының жұмысы жалпы алғанда табысты болып қалып отыр. «Баға төмендеп, тапсырыстар азайып отырған қазіргі жағдайда бұл оңай міндет емес», - дейді ол. Дегенмен, компания кірісінің көлемі әзірге жария етілген жоқ. Ф.Паннир мырзаның айтуынша, қазір барлық көрсеткіштерді нақтылайтын қаржылық аудит жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар