Дағдарысқа қарамастан тау-кен саласында жұмыс орындары қысқартылмайды - Н.Радостовец

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағдарысқа қарамастан тау-кен саласында жұмыс орындары қысқартылмайды. Бұл туралы Қазақстандағы кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының (ҚКМКҚ) атқарушы директоры Николай Радостовец мәлім етті.
None
None

«Қазақстанның тау-кен, металлургиялық секторында жұмыс орындарын қысқарту жоспарланып отырған жоқ. Еңбек ұжымдарын күшейту, жалақы және әлеуметтік кепілдік мәселелері қаралуда. Баға құлдырайтын болса, бәрібір компанияларда дағдарысқа қарсы шаралары бар, адамдар көмекші және жөндеу жұмыстарға тартылады. Тау-кен саласының мамандары мен металлургтар өз орындарында қалады», - дейді Н.Радостовец Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстандағы кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы 2005 жылы құрылды. Оның құрамына тау-кен, уран, көмір секторының 90-нан астам компаниясы кіреді.

Соңғы жаңалықтар