Дағдарысқа қарсы әрекет: қазақтардың тәжірибесі

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат – «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» айдарының аясында украиналық glavred.info басылымында 29.12.08. жарияланған мақаланы оқырмандар назарына ұсынамыз.
None
None
Украина қазіргі өркениеттегі жаһандық дағдарыс жағдайында ең әлсіз буын болып шықтыӨндіріс және біздің ұлттық валюта көлемінің құлдырау қарқыны Еуропа құрлығында ең жоғары және әлемдегі ең қатерлі болып табылады. Гривнаны тұрақтандыруға бағытталған барлық іс-шаралар бүгінгі күні жағдайлық-әбігерлік сипатқа ие болып отыр, ал оның әрекетінің ұзақтығы бірнеше күнмен немесе тіпті сағатпен өлшенеді, одан кейін бағам еркін құлдырау жағдайына қайта оралады. Еліміздің бүкіл экономикасы сияқты, қоғамда қарсылық әлеуеті белең ала түсуде. Ол өткір, тіпті күш көрсету жағдайында да іске асырылуы мүмкін. Украина мемлекеттілігінің қазіргі нысаны дағдарыстың таяудағы перспективасының бар болмысын толық көрсетті.Бұрынғы кеңестік кеңістікте біз азат демократиялық ел ретіндегі беделімізді тез-ақ жоғалттық, оның орнына жолы бейбақ-мемлекет ретіндегі күмәнді беделге ие болдық. Украинаның осы тұңғиықтың маңына жоламауға мүмкіндігі болды ма? Айтса адам сенбейді, оған: Иә, мүмкіндігі болды! ? деген мақұлдаған жауап қайтаруға болады.Осының ғажайып үлгісі, ол да КСРО-ның шекпенінен шыққан ? Қазақстан Республикасы мемлекетіндегі бүгінгі күнгі істің жай-күйі болып табылады. Бұдан бір жыл бұрын ғана осы ел қаржы дағдарысының алғашқы толқынымен бетпе-бет келді. Бұл ТМД-ның көптеген елдеріне қарағанда Қазақстанда коммерциялық банктер негізінен халықтың депозиттік жарналары түрінде емес, шетелдік қаржы институттарынан қарыз алу есебінен несие алу үшін қаражаттарды тартты. АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс пен оған деген тізбекті реакция Қазақстаннан капиталдардың бірден кетуіне, банктік жүйе өтімділігінің азаюына, несиелеудің тоқтатылуы қатеріне (оның ішінде ипотекалық), өндірістің құлдырауына және ұлттық валюта ? теңгенің құнсыздануына әкеп соқты. Сол кезде елдің өкіметі банк жүйесінің өтімділігін қолдауға бағытталған бірқатар батыл шараларды қолға алды. Тек 2007 жылғы тамыз-қыркүйек ішінде Ұлттық Банк қаржыландырудың жылдық ставкасымен 18 млрд. долларды коммерциялық банктерге ұсынды. Артық өтімділіктің ресурсын осылайша алғанына қарамастан банктер несие беруді бәрібір тоқтатты. Оған жауап ретінде Үкімет 20 пайыздық алғашқы жарнада ипотекалық несиелендірудің ставкалық пайызын 16 пайыз деңгейінде әкімшілік шектеуді енгізді. Бұл ретте, несиелендіру көлемі сол жылдың мамырында Ұлттық Банктен қаражат алып, банктердің әрқайсысы берген несиелердің жалпы сомасынан кемі 70 пайыз құрауы тиіс болатын. Құрылыс саласы құтқарылды, экономика жалпы алғанда оң қарқынды сақтады, ал қаржылық-банктік жүйе 2008 жылғы дағдарыстың жаңа орамына даярлану үшін уақыт ұтты. Сол жылы Қазақстанның Ұлттық Банкінің алтын-валюта резерві 17 млрд. доллардан 22 млрд. долларға дейін өсірілді, жаһандық дағдарыс жағдайындағы экономиканы тұрақтандыруға арнап жұмсалуы мүмкін қаражаттың жалпы сомасы 52 млрд. долларға жуық шаманы құрады. Бұл 2008 жылғы қаңтардың 1-іне қарағанда 34 пайыз артық. Осы жылдың 10 айы ішінде халықтың және заңды тұлғалардың депозиттік шоттарындағы қаражаттардың көлемі 22 пайызға өсті.Өткен жылдың қарашасында әлемдік дағдарыс жағдайында экономиканы тұрақтандыруға арнап мемлекет таяу жылдары бөлетін қаражаттардың жалпы көлемі кемі 18 млрд. долларды құрайтыны туралы шешім қабылданды. Осы салымдардың құрылымдары мынадай: банктерді капиталдандырудың арттырылуы; тұрғын үй құрылысының жеке инвесторлары алдында құрылыс компанияларының міндеттемелерін орындауға мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесті, сондай-ақ аграрлық өндірісті дамыту; Батыс Қытай ? Батыс Еуропа автомагистралының қазақстандық учаскесін салуды көздейтін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, ел қалаларының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жаңарту. Сонымен қатар, 250 мектептің, 200 балабақшаның, 50 кәсіби білім беру мекемесінің құрылыстарын және заманауи жабдықталуын қаржыландыру жоспарланған.1998 жылы жүзеге асырылған елорданы Алматыдан Астанаға көшіру инфрақұрылымдық жаңартуды және құрылысты және ілеспе салаларды дамытуды қосымша ынталандырылған болатын. Осы серпінді ел экономикасы әлі күнге дейін сезінуде. Әрине, әлемдік дағдарыс ешбір жағдайда да Қазақстанды айналып өтпек емес. Онда да инфляцияның өсуі байқалады және өмір сүру қымбаттай түсуде. Бірақ ұлттық валюта бағамының азаюы реттеу және шектеу сипатына ие және халықтың да, кәсіпкерлердің оғаш дүрбелеңін туғызбайды. 2008 жыл үшін жылдық инфляция 10 пайыздан аз көлемді құрайды. Негізгі азық-түліктердің күрт қымбаттауын болдырмау мақсатында астықты қоса алғанда арнайы азық-түлік тұрақтандыру қорлары құрылды. Биылғы жылы Қазақстанда алғаш рет бірден 2009-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бюджет туралы Заң қабылданды. Энергияға деген бағаның бүкіл әлемдегі құлдырауының жалғаса түсуі 2009 жылы бюджет кірістерінің азаюына және шығыс бөлігіне түзету енгізуге әкеледі. Бірақ үш жылдық кезеңге арналған экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың басым бағыттарын заңнамалық айқындау жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторларға барынша ұзақ кезеңге арналған өздерінің бизнестерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Елде «Қазақстан-2030» бағдарламасы дәйекті және табанды түрде орындалуда.Дағдарыс кезеңіндегі кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін маңызды жайт: Қазақстандағы биліктің тұрақтылығы және болжамдалатындығы болып қалып отыр. Келесі жылы билік жаңа салық кодексін енгізбекші. Оның жобасы экономиканың шикізат емес секторына салықтық ауыртпалықты түбегейлі азайтуды көздейді. Мысалы, үш жыл ішінде корпоративті табыс салығы екі есе азаятын болады және ҚҚС алынбайтын айналымның ең аз көлемі (ең алдымен шағын және орта бизнес үшін) екі есе арттырылатын болады; әлеуметтік салықтың бірыңғай ставкасы енгізілді.Қазақстандық экономистердің есептері бойынша салықтық ауыртпалықтардың азаюы 35 млрд. долларға жуық қосымша қаржыны босатады. Оларды кәсіпкерлер ұлттық бизнесті дамытуға сала алады. Жаңа экономикалық жағдайда мемлекеттің беріктілік қорын арттыратын тағы бір фактор зейнетақы реформасын алдын-ала жүзеге асыру болды. Бұдан 10 жыл бұрын Қазақстанда бюджет үшін ауыртпалық болған барлық зейнетақылардың жеңілдіктері алынып тасталды, жинақтаушы зейнетақы қорларына барлық жұмыс істейтін азаматтардан 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы аударымдары енгізілді. Бүгінгі күні әйелдердің зейнеткерлік жасы 58 жасты және ерлер ? 63 жасты құрайды. Бұл автоматты түрде еңбек резервтерін арттырады және зейнетақы қорларына түсетін ауыртпалықты азайтады.Қазақстандағы белгілі бір ментальдық ерекшеліктер мен дәстүрлер, сондай-ақ дер кезінде енгізілген заңнамалық нормалар елдегі бизнесті жүргізудің оқыс сыбайлас жемқорлығының тәуекелін шектейді. Бұл ретте, мемлекет жер қойнауына, транзитті коммуникацияларға және экономиканың өмірлік маңызды басқа да салаларына бақылауды сақтап қалды.Осы ретте, бірқатар ірі қазақ банктерінің несиелік рейтингтерінің, сондай-ақ Қазақстанның егемендік рейтингінің төмендегені туралы қазанда кенет жариялаған бірнеше халықаралық рейтингтік агенттіктерге қойылатын сұрақтар туындайды. Елдегі банктік жүйе үшін жаздың аяғы мен күздің басы қолайсыз болғаны сөзсіз ? жалпы елде және ішінара банктерде ақша массасының жалпы көлемі азайды. Бұл сыртқы қарыздар мен депозиттік базалардың азаюының салдарынан болды.Елдегі инвестициялық сенімділіктің азаюы туралы агенттіктердің рейтингін жариялауы тұтастай алғанда сыртқы рыноктардың айналымында жүрген негізгі қазақстандық компаниялар акцияларының құлдырауына қатер төндірді. Осы бағалы қағаздарды арзанға сатып алуды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оларды «Қазына» орнықты даму қорының қаражаты есебінен сатып алу мүмкіндігін Үкіметке тапсырды. Осылайша, Қазақстандағы ең бағалы активтерді ақпараттық технологиялардың есебінен қор ойыншыларының қолдарына түсіру әрекеттері іске аспай қалды. Айтпақшы, рейтингілік агенттіктер, АҚШ-тағы ипотекалық несиеге және әлемнің басқа жерлеріндегі нарықтың құлдырауына қатысты дер кезінде ескертулер жасамағанын ескере отырып, әсіресе, шаруашылық жүргізудің нарықтық жолына жақында ғана түскен елдердің олардың болжамдарын практикалық қаржылық-инвестициялық қызметте пайдалануға аса сақ болған абзал.Қазақстанның, Ресейдің және бұрынғы кеңестік кеңістіктің басқа елдері өкіметтерінің дағдарыстық үдерістерді ауыздықтауға ықпал етуге тырысқан белсенді әрекеттерімен салыстырғанда, украиндық саясатшылар бір-бірін кінәлап, бос сөзге, популистік мазмұнсыз ұрандарға бой алдыруы қорғансыздық қана емес, қоғам үшін қауіпті де. Біртұтас дағдарысқа қарсы саясаттың болмауы, бір бірін экономикалық дауылдың батпағына батыруға тырысқан әрекеттер қазірдің өзінде бәсекелес партиялар өкілдеріне ғана емес, биліктің барлық әртүрлі мекемелеріне: Президент институтына, Үкіметке, Ұлттық банкке, жергілікті кеңестерге және мемлекеттік әкімшіліктерге, қалалар басшыларына тән сипатқа айнала бастады, ал мұның өзі Украина елі үшін Украина мемлекетінің тиімділігі мен пайдалылығына күмән туғызып отыр.
Соңғы жаңалықтар