Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша бөлінген қаражат 97 пайызға игерілді

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша бөлінген қаражат 97 пайызға игерілді. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын қаржыландыруға бюджеттен 729,5 млрд. теңге жұмсалды, оның ішінде 607,5 млрд. теңгені  Ұлттық қордан тартылған арнайы трансферттер құрады. Бұған қоса, 408 млрд. теңге «Самұрық-Қазына» қорының Ұлттық қордан алынған облигациялық заемдары болып табылады. Басқаша айтқанда, Ұлттық қордан дағдарысқа қарсы жұмсалған 1 трлн. 200 млрд. теңгенің 123 млрд. теңгесі «ҚазАгро» холдингіне, қалғаны «Самұрық-Қазына» қорына берілген болатын. Бұның ішінде жекелеген сома жергілікті бюджеттерге, үлескерлер проблемаларын, банктерді қаржыландыруға жұмсалған еді», - деді Болат Жәмішев.  

Министрдің айтуынша, 2011 жылдың қорытындысы бойынша дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген қаражат 97 пайызға игерілген.

Соңғы жаңалықтар