Дағдарысқа қарсы бағдарламаны бұлжытпай орындау қажет ? Үкімет басшысы

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасы мен Үкіметтің Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында қабылдаған барлық шешімдері бұлжытпай орындалуы тиіс. Бүгін ҚР Жер ресурстарын бақылау агенттігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінде әлемдік экономика, оның ішінде Қазақстанның экономикасы экономикалық белсенділіктің төменгі кезеңіне еніп отыр. Сол себепті қазіргі кезде барлық министрліктер мен агенттіктер ел экономикасын тұрақтындыру бағдарламасы аясында қызмет етіп, Елбасы мен Үкіметтің Дағдарысқа қарсы бағдарламаға қатысты қабылдаған барлық шешімдерін бұлжытпай орындауы тиіс», - деді К.Мәсімов. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, елдегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі бюджетке түсетін қаржының азаюына әкеліп соқтырады. Соның салдарынан бюджеттен бөлінетін ресурстар да қысқаруы мүмкін. «Осыған орай бізге бүгінгі өтпелі кезеңнен қиындықсыз өтуге көмектесетін экономикалық саясатты жүргізу қажет», - деді Премьер-Министр.
Соңғы жаңалықтар