Дағдарысқа қарсы конференция аясында талқыланып отырған идеялар экономиканы теңдестірілген өсімнің жаңа кезеңіне шығаруға серпін береді

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Дағдарысқа қарсы конференция аясында талқыланып отырған идеялар экономиканы теңдестірілген өсімнің жаңа кезеңіне шығаруға серпін береді. Бұл туралы елордада АЭФ аясындағы Көшбасшылар диалогында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
None
None

«Әлбетте, елдерді төзімділік тұрғысында қатаң сынай отырып, әлемдік экономика белгісіздік ахуалында қалып отыр. Әлемдік экономиканың қалпына келу үдерісі тұрақсыздықпен сипатталуда және бірқатар мемлекеттерде рецессия мен жұмыссыздық өсімі байқалуда. Сондықтан біз әлемдік экономика фрагментациясының жолын кесу үшін, әлемдік қоғамдастыққа жаһандық қатерлерді тиімді әрі жүйелі шешуіне мүмкін беретін көпжақты қарым-қатынастардың осындай ұстанымдарын қалыптастыруды маңызды және өзекті деп санаймыз. Осыған байланысты Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде әлемдік қоғамдастыққа дүниежүзілік экономикада бар тәуекелдерді ашық әрі кешенді талқылауды ұсынып, болуы мүмкін теріс салдарды алдын алу бойынша тиімді форматты әзірлеуге жағдай жасауда»,-деді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар