Дағдарысқа қарсы тұруға қабілетті елдердің рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші орында тұр - Біріккен еуразиялық сараптау желісі

БІШКЕК.  Шілденің 15-і.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - «Шетелдік  бұқаралық ақпарат   құралдары Қазақстан туралы»  айдарымен     оқырмандардың  назарына    қырғызстандық «24.kg»   ақпарат  агенттігінің     материалын ұсынады.  Онда Қазақстанның  дағдарысқа қарсы бағдарламасына баға  берілген.
None
None

ТМД елдерінің    экономикалық,   саяси  және  социомәдени  салаларындағы  дағдарысты    құбылыстарға  қарсы тұруға  қабілетті елдердің  рейтингінде  Қырғызстан  ең  соңғы орында тұр.      Осынау  рейтингті  түзген      Біріккен   еуразиялық сараптау  желісінің  алғашқы есебінде  осындай  мәлімет келтірілген.

Агенттіктің  мәліметтері  бойынша,   соңғы - сегізінші  орында -  Қырғызстанмен бірге Грузия, Армения   және Тәжікстан  елдері орналасқан.  Ал бірінші   орында -  Қазақстан    тұр.    Одан кейінгі    орындарда Әзірбайжан  мен  Беларусь    елдері    орналасқан.  Ал төртінші    орынды  Литва   мен Эстония  бөліссе,     бесінші орында - Түрікменстан   тұр.   Алтыншы орында  - Латвия мен  Украина,  жетінші  орында - Өзбекстан және  Молдова.

Зерттеуді  жүргізудегі мақсат - дағдарыс жағдайында  посткеңестік елдердің   негізгі даму  үрдістерін анықтау болып  отыр.   Рейтингке    бұрынғы Одақ  елдерінің   сарапшылары,    саясаттанушылары,  шолушылары мен журналистері,  сондай-ақ    мемлекеттік  билік  құрылымдарының  өкілдері арасында  жүргізілген  сауалнаманың   қорытындысы  негіз болып  отыр. Сарапшылар  қарсы  тұру  қабілеттілігі  рейтингіне  Ресейді  қоспаған.   Оған  екі себеп  бар:   біріншіден, зерттеу  негізінен    Орталық Азия елдеріндегі  ахуалды  таныстыруға бағытталған;  екіншіден,   әлемдегі  үлкен  мемлекет болып табылатын   Ресей   шама    жағынан  алғанда  барлық көрсеткіштер бойынша   бар елді  сөзсіз   кейінге   қалдыратын  еді.

Қазақстанды  рейтингтің басына  шығарып  отырған  себептердің  қатарына:       дағдарысқа  қарсы бағдарламаның   пысықталу  деңгейінің  жоғарылығын,    оның  тиімділігін,     нақты нәтижелердің   болуын  және   биліктің    осы  бағыттағы белсенділігін  жатқызуға болады,  дейді сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар