15:36, 15 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Дағдарыстан кейінгі экономиканың қалай дамитынын ешкім білмейді - Ұлттық банк төрағасы
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Егер мұнай, металл және астықтың бағасы қазіргі деңгейде болса, ел экономикасы жеткілікті деңгейде орнықты қарқынмен дамиды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Дағдарыстан кейінгі экономиканың қалай дамитынын, шынтуайтына келгенде, ешкім білмейді. Өйткені мұндай салмақты, ғаламдық дағдарыстың тәжірибесі жоқ. Сол себепті алдағы 2-3 жылға нақты, қатаң болжам ешкімде жоқ", дейді Григорий Марченко. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, экономикасы шикізат бағасына тәуелді Қазақстан үшін Ұлттық қордың маңызы өте зор. Мәселен, дағдарыс кезінде Ұлттық қордан бөлінген 10 миллиард теңге ұлттық экономиканы қолдауға нақты көмек болды. Ал сол кезде Шығыс Еуропа елдерінде жалпы ішкі өнім 7 пайызға төмендеді.