Дағдарыстар өтеді, кетеді, ал ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы ғұмырлық - Н. Назарбаев (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағдарыстар өтеді, кетеді, ал ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтар ғана ғұмырлық. Бүгін
None
None

Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. «Нұрлы жол» - бұл барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер. Мемлекетіміздің жүрегі Астанадан тарайтын жолдар адам мен тауарды ғана емес, елорданың жасампаз рухын күллі елімізге және дүниеге тарататын күретамыр. Дағдарыстар өтеді, кетеді, ал ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтар ғана ғұмырлық. «Нұрлы жол» біздің елдік құндылықтарымыздың қадіріне жеткізетін Мәңгі жол», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты Ұлттық қорсыз жүзеге асыру мүмкін еместігін айта келе, осы Қордың төңірегінде де түрлі әңгімелер болғанын еске салды.

«13 жыл бұрын біз осы Қорды қауіпсіздіктің базалық тетігі ретінде құрған болатынбыз. Қор 2007-2009 жылдардағы жаһандық дағдарысқа қарсы күресте де маңызды рөл атқарды. Ұлттық қор әлемдік нарықта баға құлдырай бастағанда экономиканы құтқарады, біз инфрақұрылымға, өндіріске қаражат құямыз, бизнеске, ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікке көмектесеміз», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Елбасы Ұлттық қор халықтың игілігіне пайдаланғаннан кемімегенін, керісінше соңғы бес жылда оның валюталық қоры 3,8 пайызға артқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар