Дағдарысты еңсерудегі табысымыздың және Қазақстанның жаңа белестерге шығуының негізгі шарты ? қоғамның ішкі бірлігі мен топтасуы ? Елбасы құттықтауы

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды алда келе жатқан мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап құттықтаудың мәтінін таратады.
None
None
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы Құрметті отандастар!Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мейрам біздің көп ұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналды. Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері ? бәрінен бұрын, ұлты мен діни сеніміне қарамастан барлық қазақстандықтардың ұлы және мызғымас достығының нәтижесі. Келісім мен бірлік, Отанымыздың тағдырына деген ортақ жауапкершілік ? Қазақстанның табысты дамуының стратегиялық ресурсы, ертеңгі күнге деген біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Менің «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауымда дағдарыстан шығу және дағдарыстан соң еліміздің табысты дамуы үшін негіз қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер қойылған. Үкімет пен мемлекеттік органдар оларды жүзеге асыру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдауда. Алайда, дағдарысты еңсерудегі табысымыздың және Қазақстанның жаңа белестерге шығуының негізгі шарты ? қоғамның ішкі бірлігі мен топтасуы болып қала бермек. Барлық алға қойған мақсаттарға қазақстандықтардың бірлігінің арқасында ғана қол жеткізе аламыз. Осындай күрделі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының атқаратын рөлі ерекше. Тек бірлескенде ғана, біз барлық қиындықты еңсере аламыз. Барша қазақстандықтарға денсаулық пен бақыт, табыс, амандық-саулық, болашаққа деген нық сенім тілеймін!
Соңғы жаңалықтар