12:52, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Дағдарысты тек бірлесе, ықпалдаса отырып жеңуге болады ? Елбасы
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Дағдарысты тек бірлесе, ықпалдаса отырып жеңуге болады.
Бүгін «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты Астаналық ІІ Экономикалық форум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЕурАзЭҚ мемлекеттері экономикасына ғаламдық дағдарыстың жойқын соққысын тек ықпалдастық күштерді біріктіре отырып бәсеңдетуге болады. Күш біріккенде ғана дағдарысты жеңіп, жаңа жағдайға жетуге болады. Осындай қадам ғана ЕурАзЭҚ аясында ғылым мен білімнің стратегиялық дамуын қамтамасыз етеді. Осылайша, ықпалдаса отырып, өмір сүру сапасын жақсартуға, халықтар мен мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қол жеткіземіз. Жүйелі түрге енген дағдарыстан тек қана жүйелі жаңару жолымен шығуға болады. Дағдарыс барлығымыз бірлесе тиімді әрекет етіп, тиісті шараларды қамтығанда ғана аяқталады», - деді Мемлекет басшысы.