Дағдарысты жылдары біз зейнетақыны бүгінгі деңгейде сақтауға міндеттіміз - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағдарысты жылдары біз зейнетақыны немесе жалақыны бұдан әріге көтере алмаспыз, алайда бүгінгі деңгейді сақтауға міндеттіміз. Бүгін
None
None

бұл туралы Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Бәлкім, осы қиын-қыстау күндері біз зейнетақыны немесе жалақыны бұдан әріге көтере алмаспыз, алайда бүгінгі деңгейді сақтауға міндеттіміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте Елбасы дағдарыс та, қиын күндер де артта қалатынын, сол уақытта Қазақстан өзі қолға алған саясатқа қайта оралатынын жеткізді.

«Шынында да, алдымызда аумалы-төкпелі заман келе жатыр. Тұтас дүниені шарлаған дағдарыстар бүгінгі күннің басты сипатына айналып отырғанын көріп отырсыздар. Жаһандық экономика кезекті рет соқтықпалы-соқпақты жолға аяқ басқан секілді. Бізге де оңай болмайды, сондықтан да біз алдағы сын-қатерлерге дайын болуға тиіспіз. Біз жағдай ширыққан сайын шынығуға, кедергіге кездескен сайын кенелі серпу мен қуат жинауға дайындалдық. Алысты көздеген даму жолында кездесетін уақытша кедергілерге мойымаймыз, еңсені түсірмей, ертеңге сеніммен қараймыз. Мен бұл дағдарысты да еңсеретінімізге сенімдімін», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар