Дала өртін сөндіру қағидаларына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрі 2015 жылғы 11 ақпандағы дала және өрт бөлімшесі жоқ елді мекендерде өрт сөндіру қағидалары туралы №107 бұйрығына өзгерістер енгізді. 

Дала өртін сөндіру қағидаларына өзгерістер енгізілді
Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңа редакцияға сәйкес, өртті байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды. Сонымен қатар өрт сөндіру пункітінің күші мен құралын тартуды ұйымдастырады. 

Өрт сөндіру басшысының міндеттері: 

— өрт сөндіру күші мен құралдарына басшылық етеді; 
— қойылған міндеттердің орындалуына және өртті сөндіру бойынша жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге жауап береді;
— өрт түрін, оның қарқыны мен көлемін, жер бедерін, ағымдағы және болжамды ауа-райы ерекшелігін, өрт сөндіру күші мен құралының бар-жоғын ескере отырып, өрт сөндірудің тактикалық тәсілі, әдісі мен амалын таңдауды жүзеге асырады;
— өрт сөндіру бойынша іс-қимыл жүзеге асырылатын аумақтың шекарасын, көрсетілген іс-қимыл тәртібін белгілейді;
— қосымша күш пен құралдар тартудың қажеттілігін анықтайды;
— өрт жағдайының өзгеруін үздіксіз бақылайды және тиісті шешім қабылдайды;
— өрт сөндіру үшін, көлік пен басқа да материалдық-техникалық құралдарды қоса алғанда, кәсіби, салалық өртке қарсы қызметтің және өртке қарсы ерікті құралымдардың күші мен құралын тартады;
— өртті сөндіру жұмысын жүргізу кезеңінде цех пен басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруға, адамдарды, материалдық құндылықтарды қауіпті аймақтан эвакуациялауға өкім береді.
— Өрт сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар құтқарушыларды жанар-жағармай және тамақпен қамтамасыз етеді, — делінген құжатта.

Айта кетсек, кеше өрт сөндірушілер Қостанай облысындағы дала өртімен күресті. 

Сондай-ақ Қазгидрометтің хабарлауынша, 10 облыста әлі де өрт қаупі бар. 

Соңғы жаңалықтар